Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бақытжан Сағынтаев «Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергеннің ісіне шақырылды

Бақытжан Сағынтаев «Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергеннің ісіне шақырылды
«Дикий Арман» өткен жылы қаңтарда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп айыпталған еді

Бас прокуратура “Дикий Арманды” қаңтардағы оқиғалар кезінде адам ұрлап, ұрып-соқты деп күдіктенгенін жеткізген еді, деп хабарлайды KYN.KZ.


2019 жылдан 2022 жылдың қаңтарына дейін Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі болды. Қаңтардағы оқиғалардан кейін қазақстандықтар оны отставкаға жіберуді талап еткен еді.

Арман Жұмағелдиев, Қайрат Құдайберген, Руслан Ысқақов және басқа да айыпталушылардың сот процесі 21 қыркүйекте жабық режимге ауыстырылған еді. Істе «құпия» деген белгімен өтіп жатқан, бірақ соған қарамастан өз өмірлерінен қорқатын жәбірленушілердің өтінішін судья бірнеше күн бойы қарады. Айыпталушылардың бірі – ҰҚК 5-ші департаментінің басшысы Руслан Ысқақовтың мәлімдемесінен кейін бақылаушылардың ешқайсысы сот залы жабылатынына күмәнданбаған.

Айта кетейік, «Дикий Арман» 2022 жылғы 7 қаңтарда ұсталған. Ол қаңтарда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп айыпталды.

Ұқсас жаңалықтар