Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодар облысында 8 сынып оқитын қыз өгей әкесінен жүкті болып қалған

Павлодар облысында 8 сынып оқитын қыз өгей әкесінен жүкті болып қалған
Tengrinews
Кәмелетке толмаған қыздың аяғы ауыр екенін ұстаздары байқап, хабар берген

Павлодарда 14 жастағы қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрледі деген күдікпен өгей әкесі қамауға алынды, деп хабарлайды KYN.KZ.

Жаға ұстатар оқиға ауылдағы мектептердің бірінде анықталған. Қараша айында мектепке келген оқушының іші шығып қалғанын сынып жетекшісі көріп анасын шақырған. Артынша бірден ауруханаға барып тексеріліпті.

 Дәрігерлер қыздың жүктілігін растап, шақалаққа 25 апта болғанын айтқан. Жасөспірім өгей әкесінен жүкті болдым деген екен. Қазір полиция осы жайтқа қатысты іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Осыған дейін мектеп директоры, орынбасары мен сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын нашар жүргізгені үшін қатаң сөгіс берілген болатын. Алайда мәселені бақылауға алған министрліктің өкілдері педагогтарға қолданылған жазаны алып тастағандарын жеткізді.

“ Күдікті өгей әкесі қамауға алынды. Зардап шегуші үйде қашықтықтан оқуда, оған педагог-психолог пен мектеп тарапынан көмек көрсетіледі. Білім беру ұйымының қызметкерлеріне заңсыз қолданылған тәртіптік жазалар алынып тасталды. Комитет аталған мәселені бақылауда ұстап отыр”,-деді Альбина Залмұқанова, ҚР оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы.

Ұқсас жаңалықтар