Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға 250 мың теңгеден біржолғы төлем беріледі

Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға 250 мың теңгеден біржолғы төлем беріледі
Zharar.com
Қазір Алматы қаласында 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан 670 адам тұрады

Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға төленетін біржолғы төлемді 250 мың теңгеге дейін көтеру ұсынылды, деп хабарлайды KYN.KZ.
 

Бұл туралы Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясында қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев айтты.

Бастапқыда бұл жоспар жылы қарастырылуы керек болған еді. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қаржыны үнемдеу арқылы және Тәуелсіздік күні қарсаңында "желтоқсаншыларға" төлемді биыл ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылды.

Айта кетейік, жыл сайын 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 150 мың теңге көлемінде өтемақы алады. 2023 жылы бұл көмекті 702 адам алады.

Қазір Алматыда 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан 670 адам тұрады.

Ұқсас жаңалықтар