Заңгер : Дарын Мубаровты тыңдағандар сотталып, өзі сұхбат беріп еркін жүргенін қалай түсінеміз?
- kyn.kz
- 11 желтоқсан, 2023
- 3.3k
Журналист Аман Тасыған YouTube желісіндегі арнасында жұрттың талқысына түскен Дарын Мубаровтан сұхбат алған болатын. онда уағызшы жеке өмірі, отбасы, қоғамдағы орны мен мақсаттары туралы ашық айтты. Көпшілік оның сұхбатын қайран қалып тыңдап шықты. Сөзге шешен уағызшы әр сөзінде көрерменді таң қалдырып қана қоймай, ерекше тағдырына еліктіріп отырғаны да рас. Бір күнде мыңдаған адам көрген сұхбатқа заңгер Айгүл орынбек шүйлікті. Сөзінше оның уағызын тыңдағандар түрмеде отыр, ал басты кейіпкер еркін сұхбат беріп, жұртты аузына қаратып отыр, деп жазды KYN.KZ.
Заңгер Facebook желісіндегі парақшасында адасқан ағымға қатысы бар адамды халыққа жарнамалаған дұрыс емес деп басып айтты.
“Қанды қаңтарды "террористтер жасады" деп алып, қаншама жылдар бойы "адасқан сәләфиттерге қатысы бар" деген адамды қайта экран бетіне кім шығарып отыр?
"Дарынды тыңдап, уағызын вконтіакте желісінде бөлістің" деп бір жігіттің үш жарым жылға қамалғанын көргенмін.
Сонау Қызылордадан 2017 жылы анасы көмек сұрап келген.
Қазақстанда бұл кісінің уағыздары тыңдауға тиым салынған емес пе?
Енді келіп бұл кісіні мемлекеттік телерадиода жұмыс істейтін журналист Aman Tasygan сұқбат алып, жарнамалап отырғанын қалай түсінейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті?
Дарын керемет пәк болса, онда осы үшін қамалып шыққан жігіттерді ақтаңдар!”,- деді заңгер жазбасында.