Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әнші Ерлан Көкеев «кісіні көлікпен қақты» деген айыптауға жауап берді

Әнші Ерлан Көкеев «кісіні көлікпен қақты» деген айыптауға жауап берді
Qaz365.kz
Бұған дейін журналист Гүлмира Әбіқай әнші Ерлан Көкеевті Аланияда іздеп жатқанын әлеуметтік желіде жазған еді

Журналистің айтуынша, бұл оқиға туралы 26 жылдан бері Түркияда  жылжымайтын мүлік сатып, жалға көлік берумен айналысатын жергілікті тұрғын Лера баяндап берген, деп хабарлайды KYN.KZ.

Әнші өзі жайлы шыққан ақпараттан хабардар екен.

«Ертең кешке таман! Өзімде заңгер бар. Біз ресми мәлімдеме жасаймыз. Ол жазғаны – жала. Содан кейін бүкіл ақпарат шығады. Ертең жасаймыз. Бүрсігүні ресми сұхбат болады. Содан кейін сіздерге рұқсат болса, звандаңыздар. Қазір тиісті құжаттарды жинаймыз. Алайда анау кісілер алаяқтар. Тексерілмеген ақпарат шықты. Менде құжаттар бар. Менің ешқандай кінәм жоқ. Түркияда сот, прокуратура қаншама жыл істейді. Оларда бәрі нақты өз жұмысын жасайды. Егер сол жағдай болса, мен баяғыда түрмеде отырар едім. Қазір біз жауап беруге дайындалып жатырмыз», – деді Ерлан Көкеев.

Ұқсас жаңалықтар