«Басын шабу керек»: Депутат Жаңбыршин министр Саденовке неге шүйлікті
- kyn.kz
- 12 желтоқсан, 2023
- 1.4k
Мәжілістің кезекті отырысында Сәденов есірткімен күресте нақты қандай шаралар жүзеге асатынын айтқан, деп хабарлайды KYN.KZ.
Алайда депутат Жаңбыршинге оның баяндамасы ұнамай қалса керек. Мәжілісмен турасынан түсті.
«Жаңа депутат Аймағамбетов дұрыс айтып кетті. Мына жүйелік мәселелерді біз мына жерде көре алмай отырмыз. Яғни, осы талдаудың нәтижесінде есірткімен қарсы күреске қатысты қандай жүйелік проблемалар бар? Оны қалай шешпексіздер? Қай жерде Парламенттің көмегі керек? Тек қана жаңа заңға байланысты айттыңыздар, ал басқа мәселелер қайда? Ол да жоқ! Ең бастысы, біз себебімен емес, салдармен күресіп жүрген сияқтымыз», – деді депутат Мәжілістегі Үкімет сағатында.
Жаңбыршин есірткі қылмысында орындаушылар ұсталғанымен, соны ұйымдастырып отырғандар құтылып кететінін айтты.
Еділ Жаңбыршиннің сөзінше, «яғни құқық қорғау органдары жұмыс жасай алмайды немесе жаңағы ұйымдастырушылар солардың ішінде отыр немесе үлкен ресурсы бар мемлекеттік жүйеде отырған адамдар» деп есептейтінін ашық айтты. «Бұл бизнес үлкен! Халықтың денсаулығының, мемлекеттің қауіпсіздігінің негізінде бизнес жасап отыр» деген депутат наркобизнесте триллиондаған ақша айналып жатқанын айтады. Ал мұны реттейтін, жоятындай мәжілісмен министрдің сөзінен ешқандай, ештеңе көрген жоқпын деп ашық айтты.