Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Күлпашты ойнағым келмейді,шаршадым”: Актер Берік Тұрсынбаев енді Күлпаш рөлін сомдамайтынын айтты

“Күлпашты ойнағым келмейді,шаршадым”: Актер Берік Тұрсынбаев енді Күлпаш рөлін сомдамайтынын айтты
Сыр бойы
Актердің айтуынша, Күлпаш кейіпкерінің кей қылықтарын туған әпкелерінен алған

Көпшілікке Күлпаш ролімен танымал, актер, продюсер, "Шымкент шоу" театрының директоры Берік Тұрсынбеков "Түнгі студия" бағдарламасында бұл рөлі туралы айтты,деп хабарлайды KYN.KZ.

"Гүлпашты ойнағым келмейді, шаршадым. Осы маусымнан кейін доғарсам ба деген ой бар. Бірақ жылда сөйтіп айтамын. Көңілшектеуміз ғой. Мені бәрі әйел көреді ғой деймін, сырын айтып, мотивация аламыз деп сырласқысы келеді. Шынында, өйткенде дайректе жазып жіберіпті. "Күйеуім екеуміз ажырасатын болдық. Бір кезде күйеуім сыртқа шығып кетті, менің көзім "Күлпашқа" түсіп кетті, сөйтіп күйеуім кіріп келгенде мен күліп отырмын, ол маған қарап күліп, ажыраспайтын болдық" деп жазып жіберіпті. Біреудің отбасын сақтап қалса, бекерден-бекер қатын болып жүрген жоқпыз. Сөйтіп көніп қалып жатырмын", - дейді ол.

Ұқсас жаңалықтар