Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбе облысының әкімі әжетханада су жоқ екенін айтқан еден жуушыға қатысты пікір білдірді

Ақтөбе облысының әкімі әжетханада су жоқ екенін айтқан еден жуушыға қатысты пікір білдірді
Әкім оқиғадан кейін шындықты айтқандардың ешқайсысы жазаға тартылмайды деді

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров әжетханада су жоқ екенін айтқан еден жуушыға қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ. 

«Кері байланыс мен үшін өте маңызды.Өңірдегі белгілі бір мәселелерді облыс басшысына айтқандарын дұрыс қабылдаймын. Алдағы уақытта оны шешу үшін өте маңызды. Шындықты айтқандар одан кейін ешкім жазаға тартылмайды немесе жұмыстан босатылмайды. Мен мұны жеке бақылаймын», - деп жауап берді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров.

Айта кетейік, 12 қазанда облыс әкімі Асхат Шахаров жұмыс сапарымен Ырғыз ауданына барған. Әкім әлеуметтік нысандар құрылысының барысымен танысып, Ырғыздағы ауыл мектептері мен кейбір нысандарды аралаған. Мысалы, 300 орындық гимназияда су мәселесі туындап, бұл туралы әкім мен облыстық білім беру мекемесінің басшысы Жайық Сұлтанға еден жуушы әйел айтып берген.

Ұқсас жаңалықтар