Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шавкат Рахмонов өзін «егеуқұйрыққа» теңеген файтерге жауап берді

Шавкат Рахмонов өзін «егеуқұйрыққа» теңеген файтерге жауап берді
https://www.instagram.com/shavkatrakhmonov94
Америкалық UFC файтері Колби Ковингтон (17-3) Рахмоновты «егеуқұйрыққа» теңеген еді

Бұған дейін Америкалық UFC файтері Колби Ковингтон (17-3) қазақ спортшысы Рахмоновты «егеуқұйрыққа» теңеп, оның кәсіпқойлығына күмән келтіріп, жағымсыз пікір қалдырған еді, деп хабарлайды KYN.KZ.

Лас-Вегаста өткен баспасөз конференциясында Шавкат Рахмонов америкалық файтердің бұл мәлімдемесіне жауап берді.

Рахмонов оған қарсы күш сынасуға дайын екенін тілге тиек етіп, Колби айтқан өз сөздерін бетке айтуға қауқарсыз екенін мәлімдеді.

Ол Томпсонды мерзімінен бұрын жеңсе, титулдық бәсекеде Белал Мұхаммедті озатынына сенімді.

Отандасымыз 17 желтоқсанда америкалық файтер Стивен Томпсонмен жұдырықтасады. Жекпе-жек Лас-Вегаста UFC 296 турнирінде өтеді.

Ұқсас жаңалықтар