Борттың ауысуына байланысты Алматыдан Дубайға бағытталған «Эйр Астананың» рейсіне бірнеше жолаушы сыймай қалды, деп хабарлайды KYN.KZ.
Оларға ертеңгі бизнес-классқа ауыстыру әрі 200-400 доллар көлеміндегі өтемақы төлеу сынды ұсыныстар жасалған. Алайда діттеген жерге шұғыл жетуді қажет деп санаған жолаушылар одан бас тартқан.
Кейін компания қызметкерлер түрлі сылтаумен жолаушыларды ұшақтан шығара бастаған көрінеді.
Олардың бірі түсірген видеодан ондағы борт қызметкердің темекі тұқылының түтіні шықты деп, жолаушыны ұшақтан қуып жатқанын көруге болады. Темекі тұтатпағанын растайтын куәгерлердің болғанына қарамастан жолаушы ұшақтан кетуге мәжбүр болды.
Сөзінше, борт қызметкері мемлекеттік тілде жұмысын тиісті атқармағанымен қоса, қандас бауырымызға «қытай» деп тіл тигізген.