Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Зорлық-зомбылыққа қарсы 150 мың адам қол қойған петиция қаралмай қалмай ма: Ақпарат вице-министрі жауап берді

Зорлық-зомбылыққа қарсы 150 мың адам қол қойған петиция қаралмай қалмай ма: Ақпарат вице-министрі жауап берді
Qaz365.kz
Уақыты келгенде, петиция заң шеңберінде жұмысын жасайды”, – деді вице-министр

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров петиция туралы заң қашан күшіне енетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.

“Заң 6 айдан кейін күшіне енеді. Ол – сәуір айының басы, 4 немесе 5 сәуір. Уақыты келгенде, петиция заң шеңберінде жұмысын жасайды”, – деді вице-министр.

Журналистер оған дейін петиция жазғысы келетіндерге не істеуге болатынын сұрады.

“Петиция жазам десе, қазір eOtinish бар. Сол арқылы өздерінің ұсынысын беруге еш кедергі жоқ”, – деп жауап берді Қадыров.

Журналист әділет министрі платформа шыққанға дейін жазылатын петицияның заңды күші жоқ екенін айтқанын еске салып, “зорлық-зомбылыққа қарсы 150 мың адамның жинаған қолы қаралмай қалмай ма?” деп сұрады.

“Әр адамның даусы өте маңызды. Қазір оны қарауға заң тұрғысынан мүмкіндік жоқ, алайда белсенділер мемлекеттік органға арыз жазса, оны міндетті түрде қарайды”, – дейді вице-министр.

Ұқсас жаңалықтар