Қоғам
Ақтөбеде 11-сынып оқушысы талмасы ұстап есінен танған қызға алғашқы көмек көрсетіп, аман алып қалды
- автор kyn.kz
- 18 желтоқсан, 2023
- 4.0k
Жедел жәрдем қызметі жігіттің көмекті өте орынды әрі жылдам жасағанын айтқан
Ақтөбедегі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияның 11«Б» сынып оқушысы Мейірбек Нұржанов адам өміріне араша түсті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бұл жайында облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.
Оқушы мектепішілік волейбол үйірмесінен шыққан соң мектеп жанындағы «Соседушка» дүкеніне соғады.
Дүкен ішінде 18 жастағы қыздың құлап бара жатқанын көріп, дереу қимылдайды. Қыздың аяқ астынан ұстамасы (эпилепсия) ұстаған. Тілін жұтып бара жатқанын көріп, жедел жәрдем қызметі келгенше алғашқы көмек көрсетеді.
Есін жиған қыздың жақындары Мейірбекке алғыс айтқан.
«Мейірбектің бұл мейірімді ісі — көпке үлгі» дейді әкімдіктен.