Интернет жылдамдығы бойынша рейтингтегі 64 елдің ішінен Қазақстан 60-орында тұрақтады, деп хабарлайды KYN.KZ.
Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары интернет жылдамдығы цифрлық инфрақұрылымды дамытудың негізгі параметрлерінің бірі екенін атап өткен.
Қазақстан 2023 жылғы IMD әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 34,2 Мбит/с-пен интернет өткізу қабілетінің жылдамдығы бойынша 64 елдің ішінде 60-шы орынға ие болды. Жалпы алғанда, соңғы 5 жылдағы интернет өткізу қабілеттілігінің баяу өсуіне байланысты бұл көрсеткіштің теріс динамикасын атап өткен жөн”, – делінген мәлімдемеде.
Сонымен қатар, рейтингке Қазақстанға қарағанда интернет жылдамдығы жоғары Кувейттің қосылуы әсер еткен.
Рейтингке қатысушы елдер арасында ең жоғары жылдамдықты интернет Сингапурда (179,4 Мбит/с), Исландияда (175,9 Мбит/с), АҚШ-та (162,3 Мбит/с), Румынияда (159,4 Мбит/с) және Таиландта (158,5 Мбит/с) байқалады.
Аутсайдерлер тізімін Ботсвана (8,2 Мбит/с), Венесуэла (13,3 Мбит/с), Индонезия (18,6 Мбит/с), Түркия (24,7 Мбит/с) және Қазақстан (34,2 Мбит/с) бастап тұр.