Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«30 жылдай басқарып отырып алды»: Қырғызстан президенті Жаппаров Назарбаев жайлы айтты

«30 жылдай басқарып отырып алды»: Қырғызстан президенті Жаппаров Назарбаев жайлы айтты
Қырғыз президенті Астананы дүние жүзіндегі ең алдыңғы шаһарлардың біріне айналғанын айтты

Қырғыздың Мемлекеттік туын өзгертуді қолдаған президенті Садыр Жаппаров жұрт алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты есіне алды, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Қазақстанның президенті (бұрынғы)  30 жылдай отырып алды ғой басқарып. Астананы Алматыдан көшірерде парламентке келіп сұранды. Сол кезде депутаттар қарсы шықты. «Ақмолаға көшірген деген не», «ен дала емес пе», «суық» дескен. Шын мәнінде, Астанада құтырған итті байласаң тұрмайды. Білесіңдер ғой. Суық қой. Сол кезде Назарбаев мінберде тұрып «құрметті, ел жұртым, менің де ойлағаным бар. Бүгін туған күнім екен, бір рет мақұлдаңдаршы» деп сұрады. Қазақ парламенті 90-95 пайыз болып мақұлдап, қолдап берді», - дейді Жаппаров сөйлеген сөзінде.

Оның сөзінше, қазіргі күнгі Астананы  – дүние жүзіндегі ең алдыңғы шаһарларының біріне айналған.

Ұқсас жаңалықтар