"Екі айда 6 келі": Айжұлдыз Адайбекова артық салмақтан қалай арылғанымен бөлісті
- kyn.kz
- 20 желтоқсан, 2023
- 1.6k
Актриса Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желідегі артық салмақ жайлы оқырман сауалына жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ.
Өнер иесі екі ай ішінде қалай 6 келі салмақтан арылғанын айтты. Желі қолданушысының бірі Айжұлдыздан "Арықтап кетіпсіз. Қалай салмақ тастадыңыз?", - деп сұраған. Ал Адайбекова екі ай ішінде 6 келі салмақты тастаған құпиясын айтты.
"Театр алдында жауапкершілік болды. Мен әрдайым сымбатты қалпымды сақтауым керек. Аз, бірақ сапалы тамақтануым керек. Газды сусынды азайтып, орнына таза суды көбірек тұтындым. Ағзаны толық тексеруден өткізіп, қажетті дәрумендер іштім. Екі ай ішінде 6 келі салмақ тастадым. Спортты ұнатпаймын. Бірақ қажет болғандықтан, спортпен айналысамын деп шештім", - деп жауап берді өнер иесі Instagram парақшасында.