Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Еңбек министрі 2024 жылғы зейнетақының орташа мөлшерін айтты

Еңбек министрі 2024 жылғы зейнетақының орташа мөлшерін айтты
Zakon.kz
Биыл базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан 60% дейін артты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2024 жылғы зейнетақының орташа мөлшері шамамен 130 мың теңге болатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.

2023 жылы қазақстандықтардың орташа зейнетақы мөлшері 120 мың теңге болған еді.

Министрдің айтуынша, базалық зейнетақы төлемі ұлғайып келеді. Биыл базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан 60% дейін артты.

"Келесі жылдан бастап біз ең төменгі шекті тағы 5% көтереміз. Инфляция деңгейіне индекстеу жүзеге асырылады. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі үшін төленетін ынтымақты зейнетақы және 2024 жылғы 1 қаңтарда тағайындалған төлемдері бар барлық зейнеткерлерге индекстеу 7% болады, инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып жүргізіледі. Жалпы 9%-ға артты", - деді Жақыпова орталық коммуникацилар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Министр атап өткендей, зейнетақының орташа мөлшері келесі жылы шамамен 130 мың теңге болады.

 

Ұқсас жаңалықтар