Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Жөзекшелікті насихаттайды”: Депутат Аманжол Әлтаев Akon сияқты шетелден келетін әртістерге талап қоюды ұсынды

“Жөзекшелікті насихаттайды”: Депутат Аманжол Әлтаев Akon сияқты шетелден келетін әртістерге талап қоюды ұсынды
Azattya-rukhy.kz
Депутат Астанада өткен Akon-ның концертін мысалға келтірді

Депутат Аманжол Әлтаев шетелден келетін әртістерге талаптың қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Біріншіден, концерт кезінде жанкүйер жастар әншіге іш киімін лақтырып, төмен моральдық мінез-құлық көрсетті, еліміздің беделіне нұқсан келтірді. Екіншіден, ұлттық өзегі әлсіз, өзгені пір тұтқыш жастар әндердің контекстінде байқалатын гендерлік кемсітушілік мәселесін, қыздардың намысын, абыройын қорлайтын теріс мазмұнын аңғармай есі кетті.Үшіншіден, «smack that» әнінің мәтінінен эротикалық сипаттағы нәпсіні қоздыруға итермелейтін, сананы лайлап, тәрбиеге теріс әсер ететін қауіпті мазмұнды аңғарамыз.Төртіншіден, ұйымдастырушылардың әншіні ұлттық киіммен қарсы алып, домбыра сыйлағандары тіптен орынсыз деп санаймын», - деді депутат.

 

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар