Әлеуметтік төлем ала алатын жұмыскерлердің саны жыл сайын көбейіп отырады, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын іске асыру мақсатында зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдардың әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін арнайы әлеуметтік төлемді енгізу көзделгенін атап өтті. Заңнамаға тиісті түзетулерді ҚР Парламенті Сенаты мақұлдады. Арнайы әлеуметтік төлемдер деп атаймыз. Азаматтарға көп жылдар бойы 55 жасқа толып, 7 жыл бойы зейнетақы жарналары аударымдар болған кезде, сол төлемдер төленеді. Арнайы әлеуметтік төлем бірнеше қаражат көзінен жүзеге асырылады", –деп түсіндірді министр.
Біріншісі жұмыс беруші тарапынан, екіншісі сақтандыру компанияларынан төленеді.
"Зейнетақы төлемі қордан жиналған жиынтықтардан, кәсіби жарналар, міндетті зейнетақы жарналарынан жиналған жиынтықтардан төленетін болады", – деді министр.
Төлемдердің орташа мөлшері 208 мыңға дейін барады. Ол 63 жасқа дейін төленеді.
"Кейін төлем тоқтатылып, базалық зейнетақы төлемдері мен ынтымақтық зейнетақы жүйесінен төлемдер тағайындалады. Арнайы әлеуметтік төлемдерді алу үшін азаматтар еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнайы әлеуметтік төлемдер алады", – деп түйіндеді спикер.