Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Күйеу баласын пышақтап өлтірген әйел ұсталды — Атырау облысы

Күйеу баласын пышақтап өлтірген әйел ұсталды — Атырау облысы
Abai.kz
Қанды қылмыс Құлсары қаласында болған

Отбасындағы жанжал кезінде 57 жастағы әйел күйеу баласына пышақ сұғып алған, деп хабарлайды KYN.KZ.

Суық қарудан 27 жастағы жігіт тіл тартпай кеткен. Марқұм күдіктінің қызымен азаматтық некеде тұрған екен. Тәртіп сақшылары бұл отбасында жанжал жиі болатынын айтады. Ал қайтыс болған азамат әйелін ұрып-соққаны үшін бірнеше мәрте әкімшілік қамауға алынған екен. Сондықтан пышақ сілтеген енесі қызын қорғау үшін осындай қадамға барды деген болжам бар. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

"1996 жылы туған ер адамның бұрын отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бергені үшін екі рет әкімшілік қамауда болғаны анықталды. 1986 жылы туған жәбірленушінің қаза тапқан азаматтың әйелінен және көршілерінен, барлығынан жауап алынып, қылмыс құрамы тергеліп жатыр",-деді Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД ресми өкілі.

Ұқсас жаңалықтар