Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айгүл Орынбек Шымкенттегі тән саудасына қатысты жазба жариялады

Айгүл Орынбек Шымкенттегі тән саудасына қатысты жазба жариялады
https://www.instagram.com/aigulorynbek_kz
Заңгердің айтуынша, Шымкентте белгісіз біреулер сәбиді сыртқа лақтырған

Заңгер Айгүл Орынбек Шымкенттегі пәтерлердің біріндегі тән саудасына қатысты әлеуметтік  желіде жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ.

"Біз себебімен емес, салдарымен күресеміз!

Шымкент қаласында жалға беретін пәтердің бірінен сыртқа лақтырылған сәби кімдікі?

Бұл пәтерлердің бірінен  осыдан бір жыл бұрын,  кәмілеттік жасқа толмаған қыздар интимдік қызмет көрсететінін анықтаған болатынбыз.

Бұларды Шымкент полиция қызметкерлері “крышовать” етеді деген соң, Астанаға хабарлама бергем. Тіпті Шымкент қаласы прокурорына да бақылауға алуын сұрағанмын.

Шырылдап түбінен тазалағың келеді ау, бірақ қолдарында билігі барлар қимылдамаған соң бәрі бекер екен. Есіл кеткен уақытым мен энергиям.

Нәтижесінде бір екі адамды “сутинер” деп қамалды да, ал оларды крышовать етіп жүрген пагондағы бандиттер қамалмады. Қыздар сол кезде айтқан “біз жұмысымызды жалғастырып жатырмыз, тек басшымыз ауысты” деп!

Бұл притон арқарай  жұмысын жалғастырып нәтижесі мына видеодағы жағдай  болып тұр деп ойлаймын.

Тән саудасы қәзір ең күшті бизнес көзіне айналған. Бізде сауналардан бөлек, жас кәмілетке толмаған қыздарды пәтерлерде ұстап жезөкшелікке салады.

Менің біліп отырған дүниемді полиция басшысы білмей отыр  дегенге сенесіңдер ме?

Ал мен сенбеймін!

А айтпақшы сол кезде Әль-Фараби полиция бөлімінің басшысы Нұрлан Қарабаев еді.

Қазір ол кісі Шымкент қаласының полиция департамент басшысы Таевтың орынбасары болды.

Ержан Саденов қызметкерді жоғары басшылыққа тағайындайтын кезде несіне қарайсыздар?

ҚР Бас прокуратурасы /  Генеральная прокуратура РК

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Адам құқығы тек сөзбен емес, іспен қорғалу керек!",-деді Айгүл Орынбек

Ұқсас жаңалықтар