Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Депутаттар: Атауын адам естімеген спорт түріне ақша бөлуді доғарыңдар

Депутаттар: Атауын адам естімеген спорт түріне ақша бөлуді доғарыңдар
Егемен Қазақстан
Депутаттар 180 спорттың түріне ел қазынасынан бөлінген есепсіз ақшаның есебін сұрады

Депутат Дәулет Тұрлыханов соңғы бес жылда спорт министрлігінің тізгінін бес түрлі адамның басқаруы да бастаған реформалардың аяқсыз қалуына әкеп соғуда деді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Спорттық балық аулау, пенчак силат сияқты өзіміз түгілі, өзге елге атауы таңсық спорт түрлеріне жылда миллиардтаған қаражат бөлінеді. Тіпті кәдімгі түнгі клубтарда темірді ұршықша айналып билейтін «пилондағы спорт» деген бағыттың да шотына жыл сайын сансыз ақша түсіп тұрады екен.
Осылайша жыл сайын бюджеттен 775 миллион доллар бөлінсе де, ауыз толтырып айтар жетістікке жетіп жатқанымыз шамалы дейді мәжілісмендер. Сондықтан депутаттар бірауыздан әлемдік додаларда жақсы нәтиже көрсеткен федерацияларды ғана қолдау керекпіз деп санайды.

"Спорт министрлігінде ақырғы 5,5 жарым жылда бес түрлі спорт министрі келіп отыр. Бұл біздің салаға өте қатты соққы деп санауға болады. Өйткені келген министр төменнен бастап жоғары білу үшін 22,5 жарым жыл кететін шығар. Сондықтан мынаны көрсету керек, келген адам бірталай жұмыс істеу керек",-деді Дәулет Тұрлыханов, Мәжіліс депутаты.

Ұқсас жаңалықтар