Қоғам
"Жаңаөзен мен Қаңтардағы" шындықты ашуды талап еткен белсенділер 15 тәулікке қамалды
- kyn.kz
- 26 желтоқсан, 2023
- 612
Oyan, Qazaqstan белсенділері Бота Шәріпжан мен Равкат Мұхтаров 15 тәулікке қамауға алынды
Айыпталушылар "ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу" бойынша жазаланды, деп хабарлайды KYN.KZ.
16 желтоқсанда белсенділер Алматындағы Республика алаңына шығып, 2011 жылғы Жаңаөзендегі оқиғалар мен 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар туралы шындықты ашуды талап етті.
Сол күні белсенді Әсем Жапишева қаңтар кезінде қаза тапқандар жайлы, сондай-ақ Желтоқсан (1986 жыл) және Жаңаөзендегі оқиғалар туралы ойын ашық айтқан еді.
Тәртіп сақшылары бірнеше рет алаңнан кетуді талап етті.
Равкат Мұхтаров өткен сайлауда Алматы мәслихатының депутаттығына кандидат болған еске салған жөн. Азаматтық белсенді ресми деректер бойынша №7 округте 923 дауыс жинады (мұнда AMANAT партиясынан Алтынай Көбеева жеңімпаз болып танылды).