Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өскемендік фельдшер 9-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды

Өскемендік фельдшер 9-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды
Tengrinews
Секірмек болған тұрғынның не себепті ондай қадамға бармақ болғаны әзірге белгісіз

Өскемен қаласында фельдшер Аяулы Сейсағатова 9-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды KYN.KZ.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 46 жастағы әйел адамның подъезде өзін біртүрлі ұстап жүргенін көрген көршілері жедел жәрдемге хабарласқан. Көпқабатты үйге дәрігер Ермұхамет Дикенов пен фельдшер Аяулы Сейсағатова келіп жетті. Олар әйел адамның тоғызыншы қабаттан секірейін деп тұрғанын көрген.

«Шұғыл әрекет еткен Аяулы әйелді шап беріп ұстап, терезеден түсіріп алды. Содан кейін ол медициналық мекемеге жеткізілді», - делінген ақпаратта.

Қала тұрғынының не себепті ондай қадамға бармақ болғаны әзірге белгісіз. Әйел адаммен мамандар жұмыс жүргізіп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар