Қоғам
Шымкентте тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды: екі ұйымдастырушы сотталды
- kyn.kz
- 26 желтоқсан, 2023
- 480
"ЖК-OTAU KZ" қаржы пирамидасын құру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады
Екі ұйымдастырушы 2018 жылдан бастап салымшылардан қаражат алып, оны басқа қатысушылар арасында қайта бөлумен айналысқан, деп хабарлайды KYN.KZ.
Салдарынан 150 жәбірленушіге аса ірі көлемде 432 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Сот үкімімен ұйымдастырушылар кінәлі деп танылып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылған.
"Қаржы пирамидаларын құру үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеміз, заңда мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған", - делінген агенттік ескертуінде.