Алматыда қызметтік борышын атқару кезінде екі қабатты жеке үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында аға сержанты Уәли Әділет Аянұлы қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ.
Алматы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт есептеулері Қарасай ауданындағы Көкөзек ауылына өртті сөндіруге шықты.
Қызметтік борышын атқару кезінде екі қабатты жеке үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында 19-МӨСБ бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Уәли Әділет Аянұлы қаза тапты.
«Болған оқиғаның мән-жайы нақтылануда. Жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. ТЖМ Әділет Аянұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол сауатты тұлға, өз ісінің маманы ретінде жүрегімізде мәңгі қалады», - деп хабарлады ведомстводан.