Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Tele2, Altel, Beeline: Елімізде ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды

Tele2, Altel, Beeline: Елімізде ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды
Qaz365.kz
Ұялы байланыс операторлары ай сайынғы абоненттік төлемді бірінен соң бірі көтерген

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі абоненттердің бағаны көтеру туралы өтініштерін қарау аясында биыл тарифтік жоспарлардың шарттары мен ұялы байланыс қызметтеріне бағаның өзгеру динамикасы талданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ.

"2023 жылы ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарлары бойынша бағаның 7,7 пайыздан 57,3 пайызға дейін айтарлықтай өсуі тіркелгені анықталды", - делінген хабарламада.

БҚДА мәліметінше, 2023 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында ғана ұялы байланыс операторлары өздерінің ресми сайттарында ақпаратты жариялап, ай сайынғы абоненттік төлеммен 30-дан аса тарифтік жоспарда көрсетілетін қызметтердің құнын бірінен соң бірі көтерген.

Ұқсас жаңалықтар