Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Маңғыстау облысында көл жағасынан 30-ға жуық аққудың өлексесі табылды

Маңғыстау облысында көл жағасынан 30-ға жуық аққудың өлексесі табылды
Qaz365.kz
Арнай мамандар аққу өлекселерінен тиісті сынамалар алды

Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, аққулардың қырылуы бір апта бұрын анықталған, деп хабарлайды KYN.KZ.

«21-22 желтоқсан күндері Маңғыстау облысында ерекше қорғалатын табиғи аумақта «Қарақия-Қаракөл» қаумалының инспекторлары қорғау, рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде Қаракөл көлі аумағынан 30 аққудың өлексесі табылды. 23-24 желтоқсан күндері де көлден өлген аққу денелері табылған. Құстардың қырылуына байланысты тиісті ветеринарлық сынамаларды алу үшін «Үстірт» қорығы тарапынан (қаумалдың қорғау жұмысы «Үстірт» қорығына жүктелген) облыстық ауыл шаруашылық басқармасы, АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің МО аумақтық инспекциясына хабарланып, Ақтау қалалық ветеринарлық станциясының мамандары 22 желтоқсан күні аққу өлекселерінен тиісті сынамалар алды», – деп жазылған инспекция таратқан ақпаратта.

Ұқсас жаңалықтар