Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Швед ғалымдары: Электронды темекінің қаупі әлдеқайда төмен

Швед ғалымдары: Электронды темекінің қаупі әлдеқайда төмен
Life09
Зерттеуді жүргізген Швециядағы Каролинска институтының ғалымдары

 Швед ғалымдары кәдімгі темекі мен электронды шылымды салыстырып зерттеу жасады, деп хабарлайды KYN.KZ.

Соның қорытындысы бойынша, электронды құрылғының буында улы заттар әлдеқайда аз деген тоқтамға келген. Сәйкесінше, түтінсіз темекінің адам ағзасына келтіретін зардабы да анағұрлым төмен деп отыр.

Зерттеуді жүргізген Швециядағы Каролинска институтының ғалымдары. Олар темекінің түтіні мен табак қыздырылған кезде бөлінетін будағы зиянды зат деңгейін салыстырған. Осылайша электронды темекіні кәдімгі шылымға қарағанда қауіпсіз балама ретінде санауға болады деген тоқтамға келіпті. Кейбір отандық дәрігерлер де мұнымен келіседі.

"Табакты қыздырған кезде улы зат аз бөлінеді. Өйткені қыздыру 352 градустан аспайды. Дегенмен оның құрамында бәрібір улы заттар болады. Қорыта айтқанда, екеуі де зиян. Тек қарапайым темекіге қарағанда электронды шылымның ағзаға келтіретін зардабы төменірек",-деді Мейрам Раганин, медицина ғылымдарының кандидаты.

Десе де бұлай жар салынғанымен, әлі ғылыми түрде нақты дәлелденбеген. Сарапшылар түтінсіз темекі өнімдерінің адам ағзасына нақты қаншалықты зиян келтіретінін анықтау үшін біршама уақыт керек деп отыр.

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар