Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қазір содан басқа мәселе жоқтай»: Ринат Зайтыов Akon туралы сұрақ қойған тілшіге тап берді

«Қазір содан басқа мәселе жоқтай»: Ринат Зайтыов Akon туралы сұрақ қойған тілшіге тап берді
Qaz365.kz
Әнші Akon-ға жанкүйерлері іш киім лақтырған болатын


 

Ринат Зайытовқа журналист  «Депутат ретінде талап қоюуға болмай ма» деп сұраған еді, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Мұндай жағдай талай болған. Кейінгі кезде ғана емес. Қойыңдаршы. Оның алдында кім келмеді? Уитни Хьюстонның сахнада қисалаңдап жүргенін ұмытып қалдыңыздар ма? Қазір содан басқа мәселе жоқтай бәріңіз жан-жақтан әншілерді талқылап кеттіңіздер», - деді Ринат Зайытов.

«Аманжол Әлтаев өткенде сауал жолдады ғой. Сіздерге таңқаламын. Басқа тақырып жоқтай, шетел әншілерін талқылап жүрсіздер», – деді Зайытов.

Айта кетейік, жақында Астана қаласында өткен кеште америкалық әнші Akon-ға жанкүйерлері іш киім лақтырған болатын. Осы оқиғадан кейін мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай депутаттық сауал жолдады. Ал кеше депутаттың сауалына сәйкес министр Аида Ғалымқызы пікір білдірді. Ол бұл ұят екенін айтқан.

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар