Unicef: Қазақстан қызылшаның таралуы бойынша Еуропа мен Орталық Азияда бірінші орында тұр
- kyn.kz
- 27 желтоқсан, 2023
- 459
ЮНИСЕФ биыл Еуропа мен Орталық Азияда қызылшаның 30 601 жағдайын тіркеді, деп хабарлайды KYN.KZ.
Өткен жылы жылы бұл көрсеткіш 909 болған. Аурушаңдық 3266 пайызға өсті.
«Қызылша ауруының күрт өсуі балаларды ықтимал өлімге әкелетін аурудан қорғау үшін мұқият назар аударуды және қоғамдық денсаулық сақтау шараларын жедел жүргізуді талап етеді», - деді ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Регина Де Доминисис.
Елімізде 100 мың адамға 69 ауру жағдайы тіркелген. Жыл басынан бері 13 254 адам қызылша жұқтырған болса, оның 81 пайызы кәмелетке толмаған балалар. Сондай-ақ, қызылшаның таралуы туралы АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) дайындаған рейтиңде Қазақстан Йемен мен 1,4 млрд халқы бар Үндістаннан кейін үшінші орында.