Қоғам
Модельдік агенттіктің атын жамылып, 300-ден астам қыз онлайн-порномен айналысқан
- kyn.kz
- 27 желтоқсан, 2023
- 599
Айыпталушыларға 2 жылға дейін бас бостандығын айыру жазасы қарастырылған
Алматы қаласының полицейлері онлайн-порноконтент таратумен айналысқан трансұлтты қылмыстық топ ұйымдастырған А. есімді азаматты ұстады, деп хабарлайды KYN.KZ.
ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық топта 300-ден астам webcam модель жұмыс істеп, ақшаға клиенттерінің эротикалық қиялын орындаған.
Мұндай жағдайға еліміздің заңына сәйкес, 2000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл; 600 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылу не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру жазасы қарастырылған.
Келесі мақала