Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Назарбаев мемлекеттік істерге аралспайды

Назарбаев мемлекеттік істерге аралспайды
РБК
Ерлан Қошанов Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік істерге араласпайтынын айтты

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бүгінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік істерге араласпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ.

Мәжілістің жалпы отырысынан соң БАҚ өкілі төрағаға "Сіздер құрып жатқан жаңа Қазақстан мен ескі Қазақстан арасында текетірес жүріп жатыр деген қоғамда пікір бар. Себебі, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубы жиынын өткізді және Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Халықтың алаңдауына негіз бар ма?" деп сұрақ қойды.

Ерлан Қошанов алаңдауға негіз жоқ екенін, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік араласпайтынын жеткізді.

"Халықтың және сіздің (журналиске) алаңдауға негіз жоқ. Бүгінде қос билік жоқ. Олай болуы мүмкін де емес. Бүгінде барлық шешімді халық сайлаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап отыр.

Біріншіден, қазіргі таңда экс-президент (Нұрсұлтан Назарбаев) мемлекеттік істерге араласпайды. Екіншіден, кездесулері мен іс-шараларын, жол сапарларын жеке азамат ретінде өзінің құқығын пайдаланып, өткізіп жатыр", - деді ол.

Ұқсас жаңалықтар