Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ult.kz
Синоптиктер 15 облыста қолайсыз ауа райы болатынын ескертті

Синоптиктердің мәліметінше, Елордада боран соғып, көктайғақ болады деп күтіледі, деп хабарлайды KYN.KZ.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жылдамдықпен жел соғады. Петропавлда боран, көктайғақ болады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Жетісу облысыныңсолтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Талдықорғанда түнде тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің түнде екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысыныңбатысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде 23 м/с дейін жетеді. Орал қаласында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Маңғыстау облысыныңсолтүстігінде, күндіз басым бөлігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында 23-28 м/с дейін жетеді. Ақтауда күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Қарағанды облысыныңбатысында, солтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Қарағандыда да қатты жел тұрып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с.

Күндіз Атырау облысыныңбатысында, солтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігіндегі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Атырауда оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Жезқазғанда көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, облыстың орталығында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада тұман болуы ықтимал.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде – көктайғақ. Күндіз облыстың солтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбеде көктайғақ болады деп күтіледі.

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар