Алматы және ШҚО полиция департаменттері оған қатысты “көрінеу жалған ақпарат тарату”, “жеке өмірге қол сұғу”, “алаяқтық” баптарымен 6 қылмыстық іс қозғаған, деп хабарлайды KYN.KZ.
Алаяқтық бойынша қылмыстық істерді қозғауға Таңсәрінің әлеуметтік желілерде зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесу үшін ақша жинауы себеп болды. Тергеу оның жалған екенін алға тартып отыр.
Соңғы 7 жылда «Не молчи» қорының араласуынан кейін зорлағандарға қатысты 239 үкім шығарылған. Оның 79-ы педофилдерге қатысты. Ұйым 200-ден астам құқық қорғау қызметкерін жауапкершілікке тартуға ықпал етіп, 35 мыңнан астам зорлық-зомбылық құрбанына тегін көмек көрсеткен.
Үкімет тарапынан болған қуғын-сүргінге байланысты Дина Смаилова қазір Қазақстанда тұрмайды және отбасын да көре алмай жүр. Мұнымен қоса, жақында қордың банктегі есепшоты да бұғатталды.