Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

2023 жылы қазақстандықтар Google-дан қандай сөздерді көп іздеген?

2023 жылы қазақстандықтар Google-дан қандай сөздерді көп іздеген?
РБЕ
Үздік 5 тақырып: "Погода", "Перевод", "Казахстан", "Алматы", "Русский"

Google Trends сараптамалық мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан аумағында соңғы 12 айда ең көп “слово пацана" (телехикая) тіркесі ізделген, деп хабарлайды KYN.KZ.

Сондай-ақ іздеу жүйесінде қазақстандықтар арасында "chat gpt", "character ai", "кровавые цветы", "білім класс", "пиндуодуо", "мрп 2023", "календарь 2023", "юань в тенге", "proxifier", "зимородок” сөздері ең көп ізделген сөздер қатарына енген. 

Іздеу бестігін "погода", "переводчик", "скачать", "кунделик", "кунделик кз” сөздері толықтырған.

Іздеу тақырыптарының ішінде "Whats Web", "Готовые домашние задания", "Видео", "Слово пацана. Кровь на асфальте", "Зимородок", "Женщина", "2023", "OLX", "Одноклассники", "Wildberries", "Волосы", "Kaspi Bank – Отделение", "Китайский юань", "Банкомат Народного Банка", "Tele2” тіркестері де алдыңғы қатарға шықты.

Үздік бес тақырып: "Погода", "Перевод", "Казахстан", "Алматы", "Русский".

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар