Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Басының жартысы жоқ, көзі ағып кеткен": автобус соқысынан қайтыс болған үшінші адамның жақындары жан айқайын айтты

"Басының жартысы жоқ, көзі ағып кеткен": автобус соқысынан қайтыс болған үшінші адамның жақындары жан айқайын айтты
ашық дереккөзі
Әкесі: Ұлым мерт болғанымен бірнеше адамның өмірін сақтап қалды.

Туыстарының айтуынша, көмек түгілі, автобус паркінен бірде-бір адам көңілін сұрап келмеген, деп хабарлайды KYN.KZ. 

Үш баласымен жалғыз қалған ана әділдік іздейді. Марқұм Айдос отбасының жалғыз асыраушысы болған. Микроавтобус айдап, күнделікті нәпақасын тауып жүріпті. Апат болған күні Райымбек даңғылының бойындағы аялдамаға тоқтап, бой жазбақ болады. Көліктен түсе бергенінде қоғамдық көлік қағып өтеді.

«Егер баламның автобусы тұрмағанда, аялдаманың ішіне кіргенде, білмеймін, қанша адам қырылып, жаяу жүргінші жолдың ішіне кіріп кететін еді. Сол баламның спринтері қанша өмірді сақтап қалды. Көзі шығып кеткен. Жарты басы жоқ. Қолы сынған. Денесінің сау жері жоқ. Машинасын жасап шыққанына екі-ақ күн болған», – дейді марқұмның әкесі Қыдырғали Әлменбаев.

Қайғыдан қан жұтқан отбасына марқұмның денесін тану оңайға соқпаған. Қатты соққыдан басының сау-тамтығы қалмапты.

"Мен түріне қарап мүлде танымадым. Қолын, аяғын ашып көрсетті. Сол кезде барып күйеуім екенін түсіндім. Үйіміз ипотекада. Соның бәрін төлеп, отбасымызды асырап отыр еді. Бұл жерде бір адам кінәлі деп айта алмаймын, екеуі де жауапқа тартылсын.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар