Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ойыннан от шығады: Астанада балалар отшашудан жаралана жаздады

Ойыннан от шығады: Астанада балалар отшашудан жаралана жаздады
Qaz365.kz
Оқиға Бейбітшілік және келісім сарайының жанындағы саябақта болған

31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні қала тұрғындары отшашу ұйымдастырып, салюттың төбеге емес, жан-жаққа атылған видеосы пайда болды, деп хабарлайды KYN.KZ.

Видеодағы оқиға Бейбітшілік және келісім сарайының жанындағы саябақта болған. 

Астананың тәртіп сақшылары бұл фактіні тексеріп, елді мекенде пиротехникалық бұйымдарды белгіленбеген жерлерде пайдаланған құқық бұзушының жеке басын анықтаған.

“Осы факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізді, оның барысында елді мекенде пиротехникалық бұйымдарды қолданған адам анықталды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 436-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Жиналған материал қарау және шешім қабылдау үшін Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді”, – деп хабарлады  Астана қаласының полиция департаменті.

Ұқсас жаңалықтар