Спорт
Азияда - 2026: Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова күміс жүлдеге ие болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:55
- 43
Қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстандық балуан жарыс жолында оңтүстік кореялық Ли Харимді, моңғол Ариунболд Энхтайванды және жартылай финалда Қытай Тайбэйінің өкілі Ян Юн-вэйді жеңді. Алайда финалда жапониялық Хаято Кондодан жеңіліп қалды.
Сөйтіп Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов (60 кг) Аичи-Нагоя Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды.
Ал Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Ол 48 келіге дейінгі салмақтың финалында жапониялық Мицуки Кондомен кездесіп, жеңіліс тапты. Айта кетейік, Әбиба қатарынан екінші рет Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды. Бұған дейін ол Ханчжоу-2022 ойындарында күмістен алқа таққан еді.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Елена Рыбакина әйелдер арасында 2026 жылы ең көп табыс тапқан
- авторТомирис Тоныкөк
- 16 қыркүйек, 2026




