Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Мазаламаңыздаршы": айы-күні жетіп отырған Жорабаева оқырмандарына шүйлікті

"Мазаламаңыздаршы": айы-күні жетіп отырған Жорабаева оқырмандарына шүйлікті
https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva
Өнер иесі бүгінде бесінші перзентін күтіп жүр

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева желіде оқырмандарына өз ренішін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ.

Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында қалың көпшілікке үндеу жасап, қазіргі жағдайын айтты. "Менде жүріс осылай. Өтініш, "қашан туасың?", "Ұл ма, қыз ба?" деген сұрақтармен мазаламаңыздаршы.
Алланың бұйырған уақытында, Алла бұйырған бөпе келеді", - деп жазды шоу-бизнес жұлдызы.

Айта кетейік, бұл Алтынай Жорабаеваның бесінші перзенті болмақ. Әншінің бірінші некеден төрт қызы бар.

Өнер иесі аяғы ауыр екенін хабарлағанымен, болашақ сәбиінің жынысын көпшілікке жария етпеді.
 

Сондай-ақ әнші Жаңа жылды отбасымен қалай қарсы алғанын көрсетіп, көпшілікті жаңа жылмен құттықтады.

Ұқсас жаңалықтар