Алматылық антикорлар Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жасауда
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары жергілікті кәсіпкерлерден 14 млн теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Ақша мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған", - делінген хабарламада.
Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.