Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жетісу облысында көпбалалы ана әкіммен кездесуден кейін өзіне қол жұмсап, қайтыс болды

Жетісу облысында көпбалалы ана әкіммен кездесуден кейін өзіне қол жұмсап, қайтыс болды
Әйел әкіммен кездесуден шығып, құрбысына болған жағдайды жылап тұрып әңгімелеп берген

Жетісу облысында 35 жастағы 4 баланың анасы әкіммен кездесуден кейін өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат тарады. Балжан Өзбекованы 28 желтоқсан күні құрбысы жергілікті ауруханаға жеткізген, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Ақсу аудандық ауруханасында әйел біреуінде 10 данасы бар аспириннен 10 қорабын  жегенін айтқан. Бір күн өткеннен кейін ол қайтыс болып кетті.

Әйел төрт баланы дүниеге әкеліп, бағып отырған. Кенжесі емізіулі еді. Ал балалардың әкесі Алматыда құрылысшы болып жұмыс істеген. Қаралы хабардан кейін үйіне қайтты.

Балжанның құрбысы Эльмира Құсманова марқұм жайлы жылы естеліктерімен бөлісіп, құрбысының өте ақкөңіл болғанын айтуда. Балжан өмірде еңбекқор, өзі сияқты көпбалалы аналарға қолдан келгенше көмек беруге дайын тұратын дейді.

"28 желтоқсан күні кешкі 17:00 шамасында маған қоңырау шалып,  жылап тұрып Ақсу ауданы әкімімен кездесіп шыққанын айтты. Оны әкім әкімдіктен қуып салыпты. Ол ашуға булыққаны сонша дірілдеп тұрып, айта алғаны мамандармен күресіп шаршағанын, арызқойлар мен шенеуніктерден шаршағанын айтты. Дәрі ішіп алғанын, мұндай ауыр өмірден шаршағанын айтты. Мен бірден үйіме шақырдым",-дейді Эльмира Құсманова.

Ал марқұмның енесі болса әкім келінін құтқарудың орнына үйлеріне полиция жіберіп, берекелерін қашырды деп отыр.

"Әкім оның дәрі ішіп алғанын білетін еді, егер оны тыңдаған болғанда. Оның орнына келінімді кабинетінен қуып, үйімізге полиция жіберген. Полицейлер үйге келіп, келінімнің әкімді балағаттап, ар-*намысына тигенін айтты. Балжанның үйде жоғын білгеннен кейін, кетіп қалды.",-дейді марқұмның енесі Назгүл  Әлімбек.

Ал Ақсу ауданы әкімі  Берік тынышбаев Балжанның өліміне қатысы жоғын айтып ақталуда.

"Ол кабинетіме кіріп келіп, дәрінің бос қағаздарын столыма тарсылдатып қойды. Өлгісі келетінін айтты. Аузына келгенді айтып, есікті тарс жауып шығып кетті. Мен полиция шақырып, оны табуды сұрадым. Сенбесеңіздер бүкіл жағдай камерада жазылып қалды. Сол жерден көрушге болады.",-дейді әкім.

Бірақ әкім өзіне өетінін айтқан әйелмен неге дұрыс сөйлеспегенін түсіндірмейді. Ал Балжанның он айлық баласы Айбол 5 күн ана сүтін ішпей ауырып қалған. Қазір балалар ауруханасында жатыр.

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар