Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Тоқаев 2026 жылы сайлауға түседі ма?": Президент халықты толғантқан сұраққа жауап берді

"Тоқаев 2026 жылы сайлауға түседі ма?": Президент халықты толғантқан сұраққа жауап берді
Gov.kz
Президент желіде тараған қауесетке жауап берді

Президентке әлеуметтік желіде мемлекет басшысы Конституцияға қатысты референдум өткізіп, 2026 жылы тағы да сайлауға түсуді жоспарлап отыр деген қауесетке қатысты сауал қойылды, деп хабарлайды KYN.KZ.

Дихан Қамзабекұлы Мемлекет басшысымен сұхбаты кезінде осы жайында да сұрады. 

Оған Қасым-Жомарт Тоқаев: -Бұл – жалған ақпарат. Бұдан былай әркім ойына келгенін істеп, Ата заңға оңды-солды өзгеріс енгізе алмайды. Ал осындай маңызды мәселеге келгенде, тіпті мүмкін емес, - деп жауап берді. 

Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейтінін мәлімдеді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Мен жетіжылдық бір ғана мерзім туралы идеяны осыдан 15 жыл бұрын жабық пікірталастарда айтып жүрдім. Сол кезде ұсыныс аса қолдау таба қоймады. Өзім Президент болып сайланғаннан кейін, осы бастамамның артықшылығы мен кемшілігін әбден салмақтап, оны қалай жүзеге асыруға болатыны жөнінде көп ойладым. Суперпрезидентке тән өкілеттіктерді жою үшін 2022 жылы Конституцияға бірқатар маңызды өзгеріс енгізілді. Мен сол кезде жетіжылдық бір мерзім идеясын қайта ұсындым. Бастамама бүкіл халық қолдау білдірді. Осымен бұл әңгіме тәмам.

Ұқсас жаңалықтар