Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бас бармағыңыздың кері майысу деңгейіне қарап, өзіңіздің жағымды әрі жағымсыз мінезіңіз жайлы біліңіз

Бас бармағыңыздың  кері майысу деңгейіне қарап, өзіңіздің жағымды әрі жағымсыз мінезіңіз жайлы біліңіз
ашық дереккөзі
Бас бармағы кері қарай жақсы майысатындарды қазақтар шебер деген. Біра, психологтар ол жайлы басқаша қорытынды жасайды.

Бас бармағыңыздың лайк көрсеткен сәтте көтерілуі, кері қарай майысуына қарай өзіңіздің мінезіңіздің қандай екенінен ақпарат береді. Ғалымдар адам дегесіндегі түрлі сызықтар, әр адамның сымбатына, тіпті тырнақ пішініне қарай оның қандай сәтте өзін қалай ұстайтыны жайлы нақты айтуға болатынын дәлелдеген. Олай болса KYN.KZ  сайты бас бармақтың кері майысу деңгейіне қарай мамандардың жасаған болжамын ұсынады.

 Алдымен  лайк көрсетіп, бас бармағыңыздың майысу деңгейі қай суретке сай екенін анықтап алыңыз.

Жауаптар:

1. Бас бармағыңыз майыспаса сіз-  қырсықсыз. Ешкімге сенбейсіз. Айналаңыздағы адамдарға нақты әрі дәл баға бересіз. Қауіп-қатердің қайдан келетінін нақты болжай аласыз. Ортада даминанттысыз. Өз айтқаныңызға елді сендіре аласыз, соңыңыздан адамдар тобын ерткенді дұрыс көресіз. Өзгелердің ішінен не ойлап тұрғанын көзіне қарап ұға қоясыз. Қажет кезде мейірімді, қаласаңыз түрі суық, қатал адам бола аласыз. Қатал тәртіпке бағына аласыз. Кейде шектен тыс қатыгез болып кетесіз. Кей адамдарға қатысты тым қатал болып, ауыр жаза үкім ететініңіз бар.

2.Сіз эмоцияға берілгіш,әсершіл, бірден көзге түсетін адамсыз. Ортада әсершіл, жүрегі жұмсақ, өзгелердің мәселесіне алаңдап тұратын, өзге үшін барын салатын адам ретінде басқалардың есінде қаласыз. Тіпті өзгенің мәселесіне алаңдап, ауырып қаласыз. Сізге өзгелерден бұрын, өзіңізді ойлаған абзал. Өйткені өз мәселеңізді көп жағдайда ішке бұғып, сыртқа батыл, мәселесі жоқ бақытты көрінуге тырысасыз. Қызығушылығы мол, ортада ерекше көзқарасқа ие адамсыз. Сіз түбі табысты боласыз. Өйткені сіздің идеяларыңыз мықты. Бірақ өз таңдауыңызға адал жолмен жетуді көздейсіз. бірақ ол жол сізді үнемі жеңіске жеткізбейді. Көп шалынып барып аяққа тұрасыз. Қулау болуды уақыт пен тәжірибе үйретеді сізге. Әртістік қабылет мол. Өнердің кез*-келген саласы жаныңызға жақын. Әдеби, театрлық шығармалар мен қойылымдарға жаныңыз жақын. бір сөзбен айтқанда үлкен кітаптың кейіпкері, өмірден әділдік пен махаббат іздеген өнерлі жансыз. Кемшілігіңіз, өзгенің айдауына жиі түсесіз, адамдар сізге оңай ғана айтқанын істете алады.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар