Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шахтадағы 46 кеншінің өлімі: министр тергеуге алынғандардың аты-жөнін атады

Шахтадағы 46 кеншінің өлімі: министр тергеуге алынғандардың аты-жөнін атады
sputnik.kz
Сырым Шәріпханов тергеуге алынған лауазымды тұлғалардың есімін атады

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада болған апаттан кейінгі үкіметтік комиссияның тергеу қорытындысын бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, тергеуге қатардағы қызметкерлер емес, төтенше жағдайға тікелей жауапты инженерлік-техникалық персонал алынған.

"Үкіметтік комиссия жұмысының қорытындысы бойынша біз 19 адамды анықтадық. Бұл жауапты лауазымды тұлғалар", - деп мәлімдеді Шәріпханов үкіметте өткен брифингте.

Айтуынша, материалдар тергеу органдарына тапсырылған, олардың кінәсін сот анықтайды.

Осы орайда министр тергеуге алынған лауазымды тұлғалардың есімін атады.

"АМТ бас директоры Яблонский, персонал жөніндегі директор Винокурова, көмір департаментінің техникалық директоры Белый мырза, көмір департаменті атқарушы директорының орынбасары Огай және тағы басқалары", - деді ол.

 

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 28 қазанда "Арселор Миттал Теміртау" (қазіргі Қармет) АҚ-ның Костенко атындағы көмір шахтасында жарылыс болып, салдарынан 46 адам қаза тапты. Тағы 28 кенші жарақат алған.

Оқиғаның себебін тексеру бойынша құрылған үкімет комиссия трагедияға 100% жұмыс беруші кінәлі деген қорытынды шығарды.

28 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Ал 8 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жаңа иесі қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьев екені белгілі болды. Компанияға бұрынғы тарихи атауы – "Қармет" қайтарылды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар