Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырау облысында балабақшада 3 жасар баланы бірнеше бала жабылып сбап тастаған

Атырау облысында балабақшада 3 жасар  баланы бірнеше бала  жабылып сбап тастаған
Astanatv.kz
Анасы: Баламда ЗПР диагнозы бар. Үстіне, басына шығып секірген, алған еміміз далаға кетті

Атырау облысында мемлекеттік балабақшада бір бүлдіршінді қасындағы балалар ұрып-соғып тастаған. Оқиға Махамбет ауданы Бейбарыс ауылындағы «Балдырған» балабақшасында болды. Түскі демалыс уақыты кезінде бақылаусыз қалған балалар ұйықтап жатқан бүлдіршінді тұрғызып алып, бірнешеуі жабылып, төпелеген көрінеді. Шырылдап жылаған бөбектің үнін біразға дейін ешкім естімепті. 

3 жасар Әліби түнімен шошып оянып, ұйықтамайды. Беті ісік, соққының ізі әлі де байқалады. Кеше кешкісін нағашы әжесі бақшадан алып кеткен кезде тәрбиешісі топ ішінде балалар ұрғанын ескерткен. Бірақ оған сенбеген туыстары бейнебақылауды көрсетуді талап етіпті.

Бейнежазбада балалардың түскі ұйқының кезінде емін-еркін жүргені көрінеді. Олар Әлібиді оятып алып, келесі бөлмеге алып шығады. Кейін орнына жатқызып, жан-жақтан ұра бастайды. Тіпті біреуі үстіне шығып секірген. Жанұшыра жылаған бөбектің дауысын ешкім естімейді. Бұл жағдай жарты сағатқа жуық созылған. Тек біраздан соң ғана көрші топтың күтушісі келіп, тәрбиешіні шақырған. Әлібидің өзі сөйлей алмайды. ЗПР-Р диагнозымен ем алып, жақында балабақшаға қосылған.

Мөлдір ОТАРБАЕВА, АНАСЫ:

25 сеанс күніне қалмай басына тоқ алған бала, кмсы бар, микрополяризациясы бар, БАК терапиясы бар бәрін алған бала. Тоқ алған баланы келеді де төпетіп, 4-5 бала ұрады, ал не қалды баламның миынан не қалды, ішкі органдарына секіріп жатыр, одан не қалды. Мынаған кім жауап береді. Мен анық-қанығына жеткізуіңізді талап етемін.

Тәрбиеші 1 сағаттай топта болмағанын мойындады. Беті сәл қызарып тұрған соң, медбикені шақырмай, өзі жақпа жаққанын айтты.

Марита ЕСЕНҒАЗИЕВА, ТӘРБИЕШІ:

Балалар ұйықтағасын келесі топқа бір жарысқа баратын болып, соның қағаздарын сұрайын деп үлкен топқа бардым қыздармен ақылдасайын деп. Сонда отырып қалдым. +Өзімнің кінәмді білемін. Күнде шықпайтын, сол күні шығып, жарысымның қағазын сұрайын деп кетіп едім.

Жағдайдан балабақша меңгерушісі де хабарсыз. Барлық камера қосылған экран алдында тұрса да көрмеген.

Ләззат ОРЫНБАЕВА, БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ:

Педагогым іште болмай қалып тұр. Оны мен өзім білмедім. Ол кісілер маған ескертпеді. Мен төменде отырамын ғой, сол жерде отырғанда мені ескертпей , кеше тек ата-ана соғып тұр. Осындай жағдай болды деп. Мен ата анадан естіп отырмын.

Аудандық полиция тергеп-тексеруді бастады. Жағдайға байланысты ата-анасы мен балабақша қызметкерлерінен түсінік алып, балаға сараптама тағайындалды. Тәрбиешінің қан қысымы көтеріліп, дәрігерлер ауруханаға алып кетті. Айта кетейік, келесі айда балабақшада аудандық семинар өту жоспарланған. Сонда осы топ тәрбиешісі әріптестерімен жарысқа қатысады екен.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар