Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қызылжарда әйелін пышақтап өлтіріп, тоғайға көміп тастаған ер адамға үкім шықты

Қызылжарда әйелін пышақтап өлтіріп, тоғайға көміп тастаған ер адамға үкім шықты
Astanatv.kz
Күйеуі әйелін өлтіріп алғаннан кейін інісімен бірігіп, марқұмды жерлеп тастаған

Қызылжар тұрғыны әйелін пышақтап өлтірген. Надир Абдуллаев түнде үйіне келіп, масайып алған әйелімен жанжалдасып қалған. Шиеттей баласының көз алдында жаға жыртыспау үшін олар жұбайымен бірге далаға шығуды жөн көріпті.

Артынша отағасы ашу- ызаға булығып, жарына бірнеше рет пышақ сұққан. Жәбірленуші ауыр жарақаттан қайтыс болды. Күйеуі мұнымен қоймай, мәйіттен құтылуға тырысады. Ол інісін шақырып алып, екеуі үйдің қасындағы тоғайға әйелді көміп тастаған. Тергеу мен сот процесі жарты жылға созылды. Сот бүгін күдіктіге қатысты үкім шығарды.

 

"Сот Надир Абдулаевті ҚР қылмыстық кодексінің 99 бабы бірінші бөлімі бойынша кінәлі деп тауып, 10 жылға және 6 айға бас бостандығынан айырсын. Оның сыбайласы Иса Гасанов та кінәлі деп танылып, ҚР қылмыстық кодексінің 432 бабы бойынша бір жарым жылға бас бостандығынан айырылады",-дейді  СҚО қылмыстық істер бойынша  мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Нұршәріпов.
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар