Өскеменде қала ортасында белгілі спортшыны атып өлтірудің себебі айтылды
- автор kyn.kz
- 16 қаңтар, 2024
- 4.8k
Өскеменде тапа-тал түсте спортшы оққа ұшып өлді. Оны шаһардағы көпқабатты үйлердің кіреберісінде белгісіз біреу атып тастаған, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Қанды қылмыстың видеосы әлеуметтік желілерге таралған. Онда күдіктінің ер адамға бірнеше рет оқ атқанын байқауға болады. Атылған оқтың екеуі спортшының мойны мен иегіне дәл тиген. Ауыр жарақаттан жәбірленуші тіл тартпастан көз жұмды. Қаза тапқан 33 жастағы азамат бокс, күрес және кикбоксинг спорт түрімен шұғылданып, ережесіз жекпе-жектерде топ жарған екен. Тіпті спорт шебері атағына үміткер болған. Кейін полиция қаланың қақ ортасында қарудан оқ атқан 26 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Алайда оның бұл қылмысқа не үшін барғаны белгісіз. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
"Патрульдік қызметкерлер 10 минуттың ішінде ұстады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр",-дейді ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Жандос Иманбаев.
Алдын ала берілген бейресми ақпарат бойынша спортшыдан ер адам әйелін қызғанған деген болжам бар. Сол себепті де оған оқ атыпты. Бірақ полиция ресми түрде бұл ақпаратты жоққа шығарған жоқ, онымен қоса мұны растаған да жоқ.
Мерт болған азамат 1990 жылы туған танымал спортшы Эльер Юнусметов екені белгілі болды. Эльер Қатон-Қарағай ауданы Үлкен Нарын ауылында дүниеге келген.
Ол әскерде борышын өтеген. Экономика және қаржы колледжін тәмамдап, "кеңесші заңгер" мамандығын алған.
Қатон-Қарағай аудандық әкімдігінің дерегінше, Эльер Юнусметов жекпе-жек (ММА) бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, кикбоксинг бойынша спорт шебері, кудо бойынша спорт шебері, жекпе-жек бойынша Әлем кубогі иегері және Еуразия чемпионы, "Катунидегі айқас" (Ресей Федерациясы) гран-при иегері болған.
Спортқа алғаш 5 жасында қадам басқан дарынды жігіттің алғашқы жаттықтырушысы әкесі болды.
Кейінгі кездері Эльер Юнусметов "Барыс QTT" бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинг клубында жаттығып жүрген еді.
Жетісу облысында депутатты пышақтап өлтіріп кетті
Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда допинг дауына іліккен спортшы Қазақстан чемпионы атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2024