«Ұлттық қор - балаларға» жобасы бойынша қаражат алатын қазақстандықтардың тізімін жасады
- автор kyn.kz
- 16 қаңтар, 2024
- 897
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап "Ұлттық қор - балаларға" жобасын іске қосу жоспарлануда. Оған сәйкес, барлық балаларға жыл сайын ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50% есептеледі, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
БЖЗҚ жобасының операторы «Ұлттық қор - балаларға» жобасы бойынша алғашқы трансферттерді алатын қазақстандықтардың тізімін жасап қойды, 2024 жылы 18 жасқа толатындарды қосқанда 7 миллионға жуық бала ақша алады. Тізім тексеріліп жатыр, - деді қорда.
Балалар 18 жасқа толғанға дейін инвестициялық кіріс мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептеледі. Бала 18 жасқа толғанда БЖЗҚ-да оған арналған нысаналы жинақтау шоттары ашылады. Бұл шоттан ақшаны тұрғын үйге және білім алуға пайдалануға болады.
БЖЗҚ жоба операторы болып айқындалды. БЖЗҚ міндеті – нысаналы талаптарды (міндеттемелерді), нысаналы активтерді, нысаналы жинақтау шоттарындағы нысаналы жинақтарды есепке алу, нысаналы жинақтар төлемін жүзеге асыру.
БЖЗҚ 18 жасқа дейінгі балалар туралы деректерді (ТАӘ, ЖСН) "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер қорынан алады. Бір балаға арналған мақсатты талаптардың сомасы осы мәліметтер негізінде есептеледі.
Баласының бағдарламаға қатысушы болғаны туралы ақпаратты ата-аналар egov.kz порталындағы жеке кабинеттен ала алады.
Рудныйлықтар баспаналы болды
Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық банк доллардың қымбаттауының себебін түсіндірді
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 қараша, 2024