Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жигули Дайрабаев пен Дәулет Тұрлыханов Ұлттық құрылтай құрамынан шығарылды

Жигули Дайрабаев пен Дәулет Тұрлыханов Ұлттық құрылтай құрамынан шығарылды
коллаж kyn.kz
Ұлттық құрылтай жұмысына жаңа өкілдер тартылды

Жигули Дайрабаев, Дәулет Тұрлыханов және тағы бірқатар адам Ұлттық құрылтай құрамынан шығарылды, деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі Ақордаға  сілтеме жасап.

Ұлттық құрылтайдың жұмысына  жаңа өкілдер тартылған:

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева;

"Қазақстан кәрістер қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Юрий Шин;

Қазақстанның Еңбек Ері, Семей қаласындағы № 7 мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова;

ҚР парламент мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев, Никита Шаталов;

Zhubanov university басқарма-төрағасы, ректор Лаура Қарабасова;

пара жеңіл атлетика бойынша спортшы Айсұлу Сүлейменова; дүнген этносының көшбасшысы Лугмар Буларов; "Азаттық рухы" ақпараттық агенттігінің тележүргізушісі, журналист Кристина Гринько.​Бұдан бөлек құрамға бірнеше аймақтан қоғамдық кеңес мүшелері кірді.​"Ұлттық құрылтай құрамынан Б. Әлтеев, А. Толамысов, Г. Қанай, С. Огай, Ж. Дайрабаев, Қ. Майгелдінов, Б. Уәли, А. Тимощенко-Боровикова, С. Сарыбай, Д. Тұрлыханов, А. Лодочников, С. Құранбек, Э. Суларов шығарылды", - делінген хабарда.​Қазіргі уақытта көктемде өтетін Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылады. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар