Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Депутат Ардақ Назаров: жер сілкінісі ескерту, ойлан, тәубеңе кел!

Депутат Ардақ Назаров: жер сілкінісі ескерту, ойлан, тәубеңе кел!
parlam.kz
Жер сілкінісінен абдырап, таңды далада қарсы алған халықты депутат тәкәппар болмауға үндеді.

Депутат Ардақ Назаров жер сілкінісіне байланысты әлеуметтік желідегі парақшасында пікір қалдырып, елдің талқысына қалды. Оның сөзінше  бұның барлығы жоғарыдан келген  ескерту. Ол адам баласының қолынан түк келмейтінін айтып, жұртты  тәубеге келуге шақырды деп жазды KYN.KZ  тілшіс.


«Талайды тәубесіне келтірген түн. Осы түн соңғы түніміз болғанда не істер едік? Бұл Алланың кішігірім ескертуі. Ойлап қараңызшы: жер бұдан да қатты сілкінсе, бүгін қандай халде болар едік. Аллаға шүкір! Бұл Алланың Мейірімі деп түсіну қажет. Өйткені үлкен ескерту келмес бұрын кіші ескерту, үлкен азап келмес бұрын кіші азап келеді. Адамдар шарасызбыз, қолымыздан түк келмейді. Сөйте тұра тәкаппармыз. Ойлан!!! Тәубеңе кел», - деп жазды Ардақ Назаров инстаграмында.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар